"Қазақстан – Германия" бизнес форумы аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Канцлері Олаф Шольц қатысқан бизнес форум аясында қосымша бірқатар құжатқа қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Канцлері Олаф Шольц қатысқан бизнес форум аясында төмендегідей қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті:
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Германия экономикасы Шығыс комитеті арасындағы Техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Германия бастамаларының Жол картасы;
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Svevind Energy компаниясы арасындағы "Жасыл сутегі" жобасына байланысты зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
- ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Siemens" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы өзара түсіністік туралы стратегиялық меморандум;
- "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен "Siemens Central Asia" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім;
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен "SKYHANSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы Халықаралық жүк және жолаушылар әуежайының құрылысы бойынша жобаны бірлесіп іске асыру жөніндегі негізгі келісім;
- "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "HORSCH Maschinen GmbH" арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "KfW Bankengruppe" арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "CLAAS Global Sales GmbH" арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- "Ұлттық технологиялық болжау орталығы" РМК және ГФР Геоғылымдар мен табиғи ресурстардың федералдық институты (BGR) арасындағы ниет туралы меморандум;
- "Қазақстан даму банкі" АҚ мен Deutsche Bank арасындағы мандаттық хат;
- "Qazaq Kalium Ltd." АҚ және KfW Bankengruppe, Euler Hermes Group арасындағы "Батыс Қазақстан облысындағы "Сәтімола" кен орны базасындағы калий тұздары мен бор қышқылын өндіретін байыту-өндірістік кешенін салу» жобасы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум;
- "Агромашхолдинг" АҚ және Amazonen-werke h. Dreyer Se & Co.Kg. арасындағы Қостанай облысында "Condor" сепкіштерін бірлесіп өндіру бойынша жобаны іске асыру жөніндегі келісім.
Сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасы делегациясының сапары шеңберінде екі елдің түрлі орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, бизнес құрылымдары арасында 23 құжатқа қол қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript