Қазақстан мен Болгария қандай құжаттарға қол қойды

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Қазақстанның Еуропадағы ең маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын, бұл елмен терең саяси және экономикалық байланыстар бар екенін айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 13:36 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария Президенті Румен Радевтің келіссөздері аяқталғаннан кейін қол қойылған екіжақты құжаттармен алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Болгария Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Астана мен София қалалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Шымкент және Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. "Қазақстанның сыртқы сауда палатасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Қазақстанның Еуропадағы ең маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын, бұл елмен терең саяси және экономикалық байланыстар бар екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: