Токиода Паралимпиадашылар ойындары аяқталды

Оргкомитет "Tokyo 2020", сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2021 15:40 Оргкомитет "Tokyo 2020"
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Паралимпиада -2020 ойындарын бес медальмен аяқтады, бұл - ұлттық құраманың тарихындағы ең жақсы нәтиже.

Халықаралық Паралимпиада комитетінің (IPC) президенті Эндрю Парсонс Токио ойындарын жабық деп жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

5 қыркүйекте Жапония астанасындағы ұлттық стадионда жарыстың жабылу салтанаты өтті. Шараға көрермендер қатыспады, - деп жазады lenta.ru.

Паралимпиада 24 тамызда басталды. Спортшылар 22 спорт түрі бойынша 539 медальдар жиынтығына таласты. Жалпы командалық есепте І-орынды Қытай спортшылары жеңіп алды. Олардың еншісінде 96 алтын, 60 күміс және 51 қола медаль бар. Ұлыбританиялық спортшылар ІІ-орынды иеленді (41, 38, 45), мықтылардың үштігін америкалықтар түйіндеді (37,36, 31).

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Паралимпиада -2020 ойындарын бес медальмен аяқтады, бұл - ұлттық құраманың тарихындағы ең жақсы нәтиже.

Пауэрлифтингші Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: