Жаңалықтар тізбегі
0

Күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан жеті медаль иеленді

Күрес, 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионат, Қазақстан, жеті медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 21:39 Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар жақсы нәтиже көрсетіп, елге жеті медальмен оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың Аммандағы нәтижелеріне жасаған шолуын жариялады.  

Грек-рим күресі

Классикалық күрес шеберлері әлем біріншілігінде екі салмақта финалға шықты. Алайда, әлемдік доданың алтын медалі бір де бір спортшымызға бұйырған жоқ. 

55 келі салмақта Алпамыс Болатұлы алтынға таласқан. Турнир барысында Жапония, Иран және Армения балуандарын айқын басымдықпен жеңген Алпамыс финалда америкалық қарсыласынан 2 ұпай айырмасымен жеңіліп, күмісті қанағат  тұтты. 

80 келі салмақта ақтық сында айқасқан Еркебұлан Анапия Ресей атынан сынға түскен нейтралды атлет Михаил Шкаринге есе жіберді. Есеп айырмасы үлкен болмаса да, жеңіс қарсыластың еншісінде кетті. Тағы бір күміс медаль ел қоржынында.

Одан бөлек, Дамир Әбілда (45 келі), Едіге Төлеутаев (48 келі) және  Ерасыл Мұсан (51 келі) қола медаль үшін күресіп, жеңіліп қалды. 

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Алмат Кебіспаевтың айтуынша, 10 салмақтың бесеуінде жүлдеге таласу – жаман көрсеткіш емес. 

Әйелдер күресі: Қоржында – үш қола медаль

Бұрымды балуандарымыз әлем біріншілігін үш қола медальмен аяқтады. Өкінішке қарай, бір де бір спортшымыз финалға шыға алған жоқ. 

46 келі салмақта Медина Қуанышбек қола жүлдегер атанды. Ол кіші финалда украиналық қарсыласын 6:5 есебімен ұтты. 

57 келіде Анна Стратан үздіктер қатарынан көрінді. Қазақстандық балуан қола медаль үшін күресте грекиялық Мэйри Маниден басым түскен. 

Сондай-ақ, 65 келідегі Ұлдана Тілеухан қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, әлем чемпионатының қола медаліне қол созды. 

Одан бөлек, үш балуанымыз жұбаныш белдесуінде жеңілсе, Жайдар Мұқат (61 келі) қола медаль үшін өткен кездесуде түрік балуанына есе жіберді. 

Еркін күрес: Еншімізде бір күміс, бір қола бар

Еркін күрес шеберлері де Амманнан жүлдесіз қайтқан жоқ. Жақында ғана 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионы атанған Едіге Қасымбек (110 келі)  әлемдік доданың финалына да сүрінбей жетті. 

Финалға дейін қазақ балуаны Үндістан, Жапония және Иран спортшыларын жеңгенімен, ақтық сында америкалық қарсыласынан айла асыра алмады. Қанжығада - күміс медаль.

65 келі салмақта Бақдәулет Әкімжан қола жүлдегер атанды. Бақдәулет жартылай финалда қырғыз балуанына есе жіберсе, кіші финалда грузиялық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді. 

Ал 45 келідегі Бекзат Амангелді қолда тұрған қоладан айырылып, қарсыласынан таза жеңілді. 

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатын жалпы есепте 8-орынмен аяқтады.  Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы бесінші, әйелдер құрамасы жалпы есепте үшінші орын иеленген. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: