Күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық балуан күміс медаль иеленді

Күрес түрлерінен Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалда жеңіліп қалды. Ол ақтық сында ирандық Ахмедреза Мохсен Нежадтан 2:0 есебімен ұтылды.
Осылайша, Ашрапов әлем чемпионатының күміс медалін иеленді.
Бұған дейін қазақстандық "классиктер" Испания боз кілемінде сәтті өнер көрсетіп, үш қола медаль жеңіп алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript