Жаңалықтар тізбегі
0

Күрес түрлерінен ӘЧ-2024: Оңдасын Хамитов қола медаль иеленді

Оңдасын Хамитов, грек-рим күресі, ӘЧ-2024, қола медаль, Испания, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 21:25 Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Понтеведреде (Испания) өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Оңдасын Хамитов Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін өткен белдесуде Оңдасын жапониядық Кохау Каназаваны 9:0 есебімен таза ұтты. 

Чемпионат аясында қазақстандық балуан Қырғызстан, Мексика және Венгрия балуандарын жеңіп, жартылай финалда түркиялық қарсыласынан 8:9 есебімен ғана жол берген болатын. 

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Айбек Айтбеков (55 келі) пен Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль еншілеген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: