Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатында жүлде алды

Instagram kcf.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2021 15:46 Instagram kcf.kz
Жасөспірімдер арасында.

Қазақстандық велошабандоз Кирилл Курдиди жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Курдиди 1000 метрлік қашықтықта қола медаль иеленді. Бірінші және екінші орындарды Ресей мен Германия өкілдері алды.

Кириллді керемет нәтижемен құттықтаймыз! - деп жазды Қазақстан велоспорт федерациясының instagram аккаунты.

Еске салсақ, велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек аралығында Каирде (Египет) өткен болатын.

Бұған дейін әлем чемпионатының қола жүлдесін қазақстандық велошабандоз Юлия Голубкова алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: