Қазақстан мен Ресей бірлескен стратегиялық оқу-жаттығу өткізбек

ҚР Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 15:12 ҚР Қорғаныс министрлігі
Жауынгерлік операцияларды жүргізудегі өзара іс-әрекетті ұйымдастыру пысықталады.

10-16 қыркүйек аралығында Ресей мен Беларусь елдерінің аумағында "Батыс-2021" бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінен 100-ден астам әскери қызметші қатысады.

Заңсыз қаруланған құрамаларға күрес жүргізуге бағытталған бірлескен маневрлер екі кезеңде өтеді. Онда арнайы жауынгерлік операцияларды жүргізудегі өзара іс-әрекетті ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады. Командирлер көпұлтты күштер құрамында бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіреді. Жеке құрам заңсыз қаруланған құрамаларға барлау-іздестіру іс-қимылын, бұғаттауды және жоюды жүргізеді.

"Батыс-2021" бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуы барысында Ресейдің екі полигонында және Беларусь елінің бес полигонында әскерлердің практикалық іс-әрекеті өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: