Байден Ресей мен Қытай тәліптермен келіссөзге келуі мүмкін деген күдік келтірді
pixabay.com
Америка президенті "Қытайдың Талибанды қаржыландыруы мүмкіндігінің қаупі бар ма" деген сұраққа жауап бере отырып, Қытайдың "Талибанмен арада өте күрделі проблемалары барын" айтты.
АҚШ президенті Джо Байден Ресей, Иран, Қытай мен Пәкістан "Талибан" радикалды қозғалысымен (Қазақстан аумағында тыйым салынған) келісімге келуге тырысуы мүмкін деген күдігін жария етті, деп хабарлайды zakon.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Америка президенті "Қытайдың Талибанды қаржыландыруы мүмкіндігінің қаупі бар ма" деген сұраққа жауап бере отырып, Қытайдың "Талибанмен арада өте күрделі проблемалары барын" айтты.
Пәкістан, Ресей, Иран сияқты олар да тәліптермен кейбір келісімдерді түзуге тырысады. Қазір олардың барлығы не істеу керектігін ойланып, соны ұғуға тырысуда, - деп мойындады Байден.
Ол "алда не болатындығы өзін де қызықтырып отырғанын" айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript