Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ІІМ қандастардың азаматтық алу рәсімі мен мерзімдері жөнінде түсінік берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2021 02:00 zakon.kz
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының азаматтығына 2935 отандасымыз осындай тәртіппен қабылданғаны да атап өтіледі.

Азаматтық пен тұрақты тұруға рұқсат алудың барлық кезеңдерінен өту мерзімі 90 күнге дейін қысқартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қандастарға бір мезгілде Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығына қабылдауға құжаттар ұсыну мүмкіндігі заңды түрде енгізілді. Бұрын олар бұл процедуралардан бөлек өтетін, ал тұрақты тұру рәсімі 2 айға созылатын. Бұдан соң бір ай ішінде тұруға ықтиярхат дайындалды, содан кейін ғана Қазақстан азаматтығына алдын ала құжат тапсыруға болады. Бұл 3 ай көлемінде қаралатын. Қазір барлық үш кезең бір уақытта өтеді, деп түсіндіреді ҚР Ішкі істер министрлігі.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының азаматтығына 2935 отандасымыз осындай тәртіппен қабылданғаны да атап өтіледі.

Қазіргі уақытта осы мысал бойынша қандастарға қандас куәлігін беруден бастап азаматтыққа қабылдауға дейінгі жұмыстарға тартылған барлық мемлекеттік органдардың (ЕХӘҚМ, СІМ, ІІМ, АҚДМ, жергілікті атқарушы органдар) жұмысының бірыңғай алгоритмі енгізілуде. Нәтижесінде олар тек ХҚКО-ға бір рет жүгінетін болады (әр мемлекеттік органға жеке емес), соның арқасында құжаттар тізімі екі есеге қысқарады, барлық кезеңдерден өту мерзімі 90 күнді құрайды (материалдарды қазіргідей кезек бойынша емес, барлық мемлекеттік органдар бір мезгілде қарайтын болады).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: