Қазақтың жемқорлары бұрынғыдан көбірек "жей" бастады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2021 22:54 zakon.kz
Арандары одан сайын ашыла түскен екен.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық бір жыл ішінде 10,4% -ға өсті, деп хабарлайды zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.

Құқықтық статистикаға сәйкес, 2021 жылдың тамызында сыбайлас жемқорлық қылмыстары 7,4 млрд теңге шығын әкелген. Былтыр бұл көрсеткіш 6,7 млрд теңгені құраған (+10,4%).

Тамыз айында залал келтірудің ең үлкен үлесін ауыр қылмыстар әкелген - 6,4 млрд теңге. Аса ауыр қылмыстар 180 миллион теңге шығын әкелді, орташа ауыр қылмыстар - 22,6 миллион теңге, жеңіл дәрежедегі қылмыстар 854,4 миллион теңгеге шығын әкелген.

Алаяқтар бір айда келтірген залалды 6,8%-ға арттырып, 138 млн теңгеге дейін ұлғайтқан. Соған қарамастан, ең үлкен зиян лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану арқылы келтірілген - 6 млрд теңге.

Сонымен бірге, мәжбүрлі өндіру және өз еркімен өтеу арқылы қайтарылған жалпы сома 5,6 млрд теңгені құрады.

Мемлекеттік органдар бойынша күдіктілері бар 610 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішіндегі 156-сы Ішкі істер министрлігіне тиесілі (ІІМ Ұлттық ұланы мен КАЖ комитеті ескерілген).

Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің үлесінде 124 қылмыс, ал Қаржы министрлігінің үлесінде 28 іс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: