Жаңалықтар тізбегі
0

Тамыз айында Қазақстанның Ұлттық қорына 506 млн доллар түсім түсті

zakon.kz zakon.kz
Бұл көрсеткішке еліміздегі салықтық кезең де айтарлықтай әсер еткен.

Тамыз айында Қазақстанның Ұлттық қоры 506 млн АҚШ доллары көлеміндегі түсіммен толықты. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен әлемдік нарықтардағы көп бағытты серпінді атап өткім келеді. Акциялар индекстерінің тұрақты өсуі аясында Ұлттық қордың акциялар портфелі 430 млн АҚШ долларына немесе 2,52%-ға өсті, бұл облигациялар мен алтын бағасының төмендеуін өтеді. Ұлттық қордан бюджетке бөлінетін кепілдендірілген және нысаналы трансферттер көлемі 396 млрд теңгені құрады, - деді Молдабекова.

Оның айтуыннша, трансферттер бойынша өтінімдерді орындау мақсатында 845 млн АҚШ долларына немесе теңгедегі баламасында 359 млрд теңгеге валюталық активтер сатылды. Трансферттер бойынша міндеттемелердің қалған бөлігі Ұлттық қордың теңгедегі шотындағы қаражат қалдығы есебінен қанағаттандырылды.

Тамыз салық айы екенін ескере отырып, біз Ұлттық қорға түсетін түсімдер көлемінің өсуін байқадық. Осылайша, шетел валютасындағы түсімдер көлемі 506 млн АҚШ долларын құрады, - деді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Нәтижесінде, жедел деректер бойынша тамыздың соңында Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда мүлдем өзгермей, 56,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі тамызда 316 млн АҚШ долларын немесе 0,56%-ды құрады, ал жыл басынан бері инвестициялық кіріс шамамен 2,3 млрд АҚШ долларына немесе 4,1%-ға жетті.

Алдын ала деректер бойынша, алтын-валюта резервтері бір айда 1,8 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 36,8 млрд АҚШ долларын құрады.

Негізінен 1,7 млрд АҚШ долларына өскен еркін конвертацияланатын валютадағы активтер есебінен резервтердің өсуі орын алды. Арнайы қарыз алу құқықтарының немесе 1,6 млрд АҚШ доллары сомасына Халықаралық Валюта Қорынан SDR деп аталатын құқықтардың келіп түсуінен айтарлықтай өсудің орын алғанын көреміз.

Алтын бағасының бір унция үшін 1 814 АҚШ долларына дейін 0,8%-ға төмендеуіне қарамастан, басым құқықты іске асыру шеңберінде алтын сатып алу есебінен алтын портфелінің 134 млн АҚШ долларына өсуі резервтерге қосымша қолдау көрсетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: