Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында алтын қазған жігіттер ұсталды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 21:50 видеодан кадр
Шикізатты күдіктілер Ақбақай ауылынан 20 шақырымда орналасқан «Қаракөз» жер учаскесінен тасып отырған.

Жамбыл облысында заңсыз алтын қазған қылмыстық топ мүшелері құрықталды. Олардың бұл іске тыңғылықты дайындалғаны соншалық, тау ішінен шахта қазып, заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланған, деп хабарлайды zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу өзені бойынан кәсіби аппараттармен жабдықталған цех табылды. Онда құрамында бағалы металл бар кен өңделіп келген. Ал бұл іске қажетті шикізатты күдіктілер Мойынқұм ауданы, Ақбақай ауылынан 20 шақырым аумақта орналасқан «Қаракөз» жер учаскесінен тасып отырған. Ол жерде алтын қазушылар шахта жасап, күні-түні тоқтамай жұмыс істеген. Барлығы бұл заңсыз өндіріске 9 адам тартылғаны анықталды. Қазір оларға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілердің кінәсі толық дәлелденген жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Құндыз Бөгенбаева, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

Тінту кезінде алтын кенді өңдейтін 2 құрал, құмды тазартуға арналған 2 аппарат, сондай-ақ 10 тонна көлемінде кен табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: