Тоқаев Ұлыбританияның премьер-министрі Джонсонға көңіл айтты

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 23:30 Ақорда
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға анасы Шарлотта Джонсон Уоллдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға анасы Шарлотта Джонсон Уоллдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Жоғары Мәртебелі Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтамын. Миссис Джонсон Уолл аса көрнекті тұлға болатын. Ол өзінің тамаша туындыларымен Біріккен Патшалықта және одан тыс жерлерде заманауи өнердің дамуына, ілгерілеуіне елеулі үлес қосты. Аяулы анаңыз жайлы жақсы естеліктер оны білетін адамдардың жүректерінде және жадыларында сақталатынына сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: