Жаңалықтар тізбегі
0

Мағзұм Мырзағалиев бұрынғы ұжымына сөз арнады

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 16:20 ПМ
Одан бөлек экс-министр қол жеткізген жетістіктеріне де тоқталды.

Экс-экология министрі Мағзұм Мырзағалиев атқарған жұмыстарын айтып, бұрынғы ұжымымен қош айтысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Менің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіндегі жұмысым аяқталды. Отанымыздың нағыз кәсіби мамандарымен және патриоттарымен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Баршаңызға табыс және алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізулеріңізді тілеймін!, деп жазды ол twitter-де.

Одан бөлек экс-министр қол жеткізген жетістіктеріне де тоқталды.

Балық шаруашылығының әлеуетін ашып, балық өндірісін 2,5 есеге ұлғайттық. Орман және жануарлар әлемі: Ұлттық парктерді дамыта бастадық, экотуризм жеке инвестициялар үшін тартымды салаға айналды. Орман қорын ұлғайту бағдарламасын іске қостық, ағаштарды заңсыз кесу және браконьерлік үшін жазаны қатаңдатуға қол жеткіздік. Су айналымының төмендігіне қарамастан су тапшылығына жол берілмеді; көрші елдермен "су дипломатиясын" орнаттық, су арналары мен су қоймаларын "цифрландыруды" бастадық, делінген оның жазбасында.

Айта кетсек, Мағзұм Мырзағалиев таяуда Экология министрі лауазымын Энергетика министрі орын тағына айырбастаған. Ал осыған дейін Энергетика министрі болып келген Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып кетті. Экология министрлігінің басшылығына болса, Серікқали Брекешев келді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: