Әкімдік Алматы тұрғындарын онлайн санақтан өтуге шақырды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 22:39 zakon.kz
Бұл үндеу өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін жасалған

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты желіге жергілікті халықты онлайн режимде жүргізіліп жатқан халық санағына қатысуға шақырған видеоны жүктеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті тұрғындар! Өздеріңізді Covid-19 дертін жұқтыру қаупін азайту үшін тәулік бойы жұмыс істейтін sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн халық санағына қатысуға шақырамыз. Өйткені санақ жүргізетін маманның әр респондентке 30-40 минут уақыты кетеді,- дейді әкімдік.

Бұл үндеу өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін жасалған.

Онлайн санақтан өтпегендер, санақ жүргізушінің сұрақтарына 1 қазан мен 30 қазан аралығында жауап бере алады, деп толықтырды әкімдіктегілер.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: