Алматыда санақтан онлайн өткізетін 100-ден астам пункт ашылады

sanaq.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 17:37 sanaq.gov.kz
Бұл бастаманы Республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қолдады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы ұлттық халық санағынан онлайн режимде өтудің маңыздылығын айта отырып, азаматтық белсенділік танытып, санақтан онлайн режимде өтуге және халық арасында насихаттауға ел белсенділерін шақырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл бастаманы Республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қолдады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні елімізде халық санағы онлайн режимде арнайы мамандандырылған https://sanaq.gov.kz/ сайтында басталған болатын.

Халыққа санақтан онлайн өтуге мүмкіндік жасау үшін Алматы қаласының ірі сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, білім беру мекемелерінде, базарларда, қоғамдық ұйым мекемелерінде арнайы 100-ден астам арнайы пункттер жұмыс жасайтын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: