Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысына Ираннан 53 қандас келді

Маңғыстау облысының ҚКО, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 22:53 Маңғыстау облысының ҚКО
Өңірге келген 53 адамның 25-і бала, барлығы 20 отбасы атамекенге оралды.

15 қыркүйекте 53 қандасымыз мінген Иран Ислам Республикасының ұшағы Ақтау әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды zakon.kz Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

– Иран Ислам Республикасының Горган қаласынан 53 адам Қазақстанға қоныс аударды. Олар Ақтау қаласында 2-3 күн аялдап, құжаттарын реттейді. Жатақханаға орналастырамыз. Құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталғаннан соң Нұр-Сұлтан қаласына аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанады, – деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов.

Өңірге келген 53 адамның 25-і бала, барлығы 20 отбасы атамекенге оралды. Тарихи Отанына келгендердің бірі Хадиша Адай. Атамекенді аңсап, егемен еліне келген ол қуанышын жеткізіп, жылы лебізімен бөлісті.

– Мен Түркіменстанда тудым. Дегенмен жұмыс бабы бойынша Божнурд қаласында 22 жыл тұрдым. Туған әпкем, қызым, туыстарыммен бірге атамекенге келіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Барлығы да жат адамдар емес ағайындар. Ыстық ықыласпен қабылдағандарыңызға өте ризамыз, – деді Хадиша Адай.

Бұл көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ирандағы Елшілігі мен "Отандастар Қоры" КЕАҚ Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 22:53

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2021 22:53

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: