Жаңалықтар тізбегі
0

Баталов: Биыл Алматы облысында 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:00 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған "7-20-25", "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ 5-10-20" бағдарламаларымен 1986 отбасы пәтерлі болады.

Алматы облысында "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:00

Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, "Жұмыспен қамту жол картасы" шеңберінде өңірге 105 млрд. теңге бөлінген, 20 мың жұмыс орнын құрған 1051 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы облыс бойынша 60 мың жұмыс орны ашылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:00

Баяндамада айтылғандай, "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 2603 пәтерлік 521 тұрғын үй салынып жатыр, соның 1212-сі көп балалы отбасыларға беріледі. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған "7-20-25", "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ 5-10-20" бағдарламаларымен 1986 отбасы пәтерлі болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:00

Алматы облысында құрылыс саласында карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Сол сияқты біз шағын және орта бизнес нысандарының жабылуы салдарынан орнынан босап қалған көптеген азаматты осы құрылыс саласында жұмыспен қамтыдық, - деді Баталов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:00, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:00

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: