Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда анықталған "нигериялық" жаңа штамм туралы не білеміз

biosafety.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2021 21:10 biosafety.kz
"Eta-штамм" төрт облыста төбе көрсетті: Қарағанды облысында - 1, Маңғыстауда - 2, Павлодарда - 1, Нұр -Сұлтанда - 1 жағдай тіркелген.

Коронавирустың "нигериялық" жаңа штаммның (Etа-штамм) пайда болғанын 21 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанда 96 сынаманы іріктеу нәтижесі бойынша штаммдардың айналымы белгіленді ("дельта штамм" - "үнді" - 57 (59,4%), "альфа штамм" - "британдық" - 24 (25%) , "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және Eta - "нигериялық" - 5 (5,2%).

Бұл ретте "Eta-штамм" төрт облыста төбе көрсетті: Қарағанды облысында - 1, Маңғыстауда - 2, Павлодарда - 1, Нұр -Сұлтанда - 1 жағдай тіркелген.

Алғаш рет коронавирустың бұл штаммы Нигерияда 2020 жылдың желтоқсан айының соңында анықталды. Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (Africa CDC) директоры Джон Нкенгасонг елде коронавирус инфекциялар санының артуы аясында жаңа штамм анықталғанын хабарлады.

Сонымен қатар, ол жаңа мутацияның үлкен инфекциясы туралы ешқандай дәлел жоқ екенін атап өтті.

Коронавирустың бұл түрі Ұлыбританияда да табылған. Сол кезде де бұл штаммның клиникалық белгілері "британдық" және "оңтүстік африкалық" штаммдардың белгілерімен ұқсастығы айтылды.

Жаңа штаммның жөтел, жоғары температура, дәм мен иіс сезу қабілетінің бәсеңсуі , аурудың ауыр жүруі сынды клиникалық белгілері бар.
2021 жылғы 15 қыркүйектегі мәліметтерге сүйенсек, "Eta-штамм" әлемнің 77 елінде табылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша ол "бақылауды" қажет ететін штаммдарға жатады.
Еуропа елдерінен алғаш рет бұл штамм осы жылдың наурызында Италияда табылған.
Содан кейін ол басқа елдерге таралып, соңында Австралия, Бельгия, Гана, Сингапур, Дания, Испания, Канада, Иордания, АҚШ, Майотте, Нидерланды, Жапония, Финляндия, Франция мен Швейцарияға да жетті.

Роспотребнадзорда айтылғандай, штаммның бұл түрі негізінен Нигерияда және басқа штаттарда пайыздың оннан бір бөлігінен аспайтын деңгейде таралады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: