Жаңалықтар тізбегі
0

Мектеп құрылысын бақылауды БҒМ құзыретіне беру керек – депутат

Ж.Жұмабеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2021 17:15 Ж.Жұмабеков
Мектептердің химия, физика, биология, география және үйірме кабинеттерінсіз пайдалануға берілуі қаншалықты қисынды?

Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Б.Сартбаев Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай 800 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, 5 мың ауыл, аудан және шағын қалалардағы мектеп қайта модернизацияланып, апатты және үш ауысымды білім беру сұрақтары шешілуі тиіс.

Осы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Халыққа арналған Жолдауында оқушылардың орын тапшылығы динамикасын атап өтіп, жаңа мектептердің құрылысын 1000-ға жеткізуді тапсырды.

Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары жазғы халықпен кездесу аясында білім беру объектілерінің құрылысымен танысып, бүгінгі таңда мемлекеттік қаражат есебінен мектеп құрылысының сапасына, оның ішінде жаңа білім мазмұнына сәйкестігіне, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуына, пәндік кабинеттермен жабдықталмауы, қосымша білім беру жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндіктердің құрылыс кезінде қарастырылмауына қатысты алаңдаушылығын білдіреді.

2021 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Мәдени-Әлеуметтік даму Комитетіне Бюджетті талқылау аясында 800 мектептің құрылысының барысы туралы баяндаған Білім және Ғылым Вице-Министрі Б.А. Асылованың: "Білім және ғылым министрлігінде аталған мектептердің құрылысының барысын көру және бақылау, күн сайын мониторниг жүргізу құзыреттілігі жоқ. Бұл туралы бірнеше мәрте айтып келемін. Бізде мектептердің дайындық деңгейін қарайтын тіпті құрылысшы мамандар да жоқ", – деген жауабынан кейін алаңдаушылық одан әрі тереңдей түсті.

  • Біріншіден, біз жобаланған әрі салынған мектептер мен тұрғындардың нақты қажеттіліктері арасындағы сәйкессіздіктерге өзіміз көз жеткіздік. Халқы тығыз қоныстанған ауданда демографиялық өсімнің болжамдық көрсеткіштеріне сәйкес жаңа типтік жобалар бойынша тұрғындары көп мектептерді салатын уақыт келгені анық.
  • Екіншіден, екі жыл бұрын тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі ауылдық елді мекендерде шағын, модульдік мектептердің құрылысы туралы хабарлады. Мұндай типтегі ғимараттарды қажет болған жағдайда бөлшектеуге, жылжытуға және мақсатына қарай пайдалануға болады. Алайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе аймақтардың күрт континентальды климаттық жағдайларына бейімделуі туралы ақпарат жоқ.
  • Үшіншіден, жаңа объектілерді салу кезінде жаңа мазмұндағы білім беру процестерінің талаптарына сәйкес келмейтін, оның ішінде оқытудың озық әдістері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз ортада жаңа білім беру инфрақұрылымын құруға сәйкес келмейтін ескі типтік жобалар мен ережелер қолданылады.

Мысалы, типтік жобалармен халқы аз ауылдарда жаңа мектептердің салынуы, ал халқы тығыз қоныстанған және демографиялық өсу ахуалы жоғары мекендерде алдағы уақытта үш ауысымды мектептерге айналатын объектілердің экономикалық-сараптамалық болжамсыз салынуы қаншалықты негізді?

Жаңа мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің тиісті құрал-жабдықтарсыз, атап айтқанда, химия, физика, биология, география және үйірме кабинеттерінсіз пайдалануға берілуі қаншалықты қисынды?

Осы себепті оқу қызметіне лицензияны уақытында ала алмайтын мысалдар бар. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептер жан басына шаққандағы қосымша бюджеттік қаражатты пайдалану арқылы объектінің бастапқы эксплуатациясы кезеңінде жабдық сатып алуға мәжбүр. Алайда, бұл мәселе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жағдайындағы мектептер құрылысында және жеке инвестициялардың мектеп құрылысында оң шешілген. Мемлекеттік мектептерде қарапайым халықтың балалары оқитын ескерсек, бұл білім беру мекемелерінде бастапқы құрылысы кезінде пәндік кабинеттерді жоспарлауға, сол арқылы оқу процесін сапалы ұйымдастыруға, баланың тұлғасын жан-жақты дамытуға не кедергі?

Осыған байланысты "Nur Otan" партиясының мүшелері уәкілетті органға ұсыныс жасайды:

  • Біріншіден, оқушылардың орын тапшылығы деңгейінің нақты қажеттіліктеріне сәйкес мектептерді жобалау, құрылысын болжау және жаңартуды сараптамалық сапалы деңгейде жоспарлау қажет.
  • Екіншіден, ауылдық жерлердегі модульдік мектептердің типтік жобаларын дайындау бойынша түсініктеме беруді сұраймыз.
  • Үшіншіден, мемлекеттік қаражат есебінен мектептердің құрылысы кезінде қолайлы білім беру ортасын құруды ескеру қажет. Мектеп басшылары, ғимарат салу кезінде 2 спорт залды қарастыруды сұрайды. Ол үшін, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, білім беру ұйымдарын пәндік кабинеттер және қосымша білім алуға арналған құрал-жабдықтар және жиһаздармен толық жабдықталуды қамтамасыз етуді қарастыру қажет.
  • Төртіншіден, оқушылардың орын тапшылығын шешуге бағытталған заманауи білім беру ортасын құру және сапалы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі Білім және ғылым министрлігінің қарауында екендігін ескеріп, жаңа мектептердің құрылысын бақылау құзыреттілігін де осы орталық мемлекеттік органға беруді сұраймыз.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: