Тәліптер Бас Ассамблеяда сөз алуға ниет білдіріп, БҰҰ-ға жүгінді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2021 19:04 Pixabay
БҰҰ "Талибанның" бұл өтініштері қарау үшін аккредиттеу комитетіне жолданғанын жеткізді.

"Талибан" радикалды қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілдері Бас Ассамблеяның 76-сессиясында сөз алуға ниет білдіріп, БҰҰ-ға жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик сейсенбіде мәлімдеді.

Оның айтуынша, тәліптер жолдаған хатта 15 тамыздан бері Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "қызметінен босатылды", сондықтан ол енді мемлекет басшысы ретінде танылмайды, ал БҰҰ-ның Ауғанстандағы тұрақты өкілі ары қарай өз елін ұйымда таныта алмайды деп жазылыпты.

Сонымен қатар, тәліптер Ауғанстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ретінде Мұхаммед Сохаил Шахиннің кандидатурасын ұсынған.

Дюжарриктің айтуынша, енді "Талибанның" бұл өтініштері қарау үшін аккредиттеу комитетіне жолданған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: