Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында спорт басқармасының ірі шенеунігі ұсталды

Максим Золотухин / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 15:33 Максим Золотухин / zakon.kz
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ретінде Жақсылық Әбдімәлікұлы Оспановтың аты-жөні көрсетіліпті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысын "жемқорлық жасады" деген күдікпен ұстаған, дейді nege.kz.

Естеріңізде болса, биыл тамыздың 12-сінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы парамен ұсталғанын хабарлаған.

Облыс әкімдігінің ресми сайтында Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орны бос тұр. Ал Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ретінде Жақсылық Әбдімәлікұлы Оспановтың аты-жөні көрсетіліпті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 15:33

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың бес орынбасары бар. Осы бес орынбасардың бірі – Серік Әбжәліұлы Ахмет. Ол облыстың ішкі саясатына, жастар мәселесіне, мәдениет пен спорт салаларына жетекшілік жасайды.

Егер Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ұсталғаны рас болса, бір айдан асар-аспас уақытта Серік Әбжәліұлының қарамағындағы екі бірдей басқарманың басшысы ұсталған болып шығады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 15:33

Әрине, кінәсіздік презумциясын ешкім жоққа шығармайды. "Жемқорлық жасады" деген күдікке ілінген шенділердің қылмыс жасаған-жасамағанын сот анықтайды. Ал егер сот шенеуніктерді кінәлі деп тапса, Г.Әбдіқалықованың орынбасары Серік Ахмет отставкаға кете ме?

Заң бойынша, солай болуы керек. Бірақ, тұрақты оқырманымыздың айтуынша, Гүлшара Наушақызы сенімді Серігін жанынан жібермеуге күш салады. Оған себеп бар.

Гүлшара Наушақызы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған жылдары (2009-2012) Серік Әбжәліұлы вице-министр болды.

Г.Әбдіқалықова Президенттің кеңесшісі болған кезде (2012-2013) С.Ахмет Президент әкімшілігінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Одан кейін Г.Әбдіқалықова Үкімет басшысының орынбасары, Мемлекеттік хатшы болған уақытта (2013-2019) С.Ахмет тағы жанынан табылды.

2020 жылы 28 наурызда Президент Қ.Тоқаев Г.Әбдіқалықованы Қызылорда облысының әкімі етіп тағайындап еді, алты күннен соң – 3 сәуірде С.Ахмет Қызылордаға облыс әкімінің орынбасары болып келді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 15:33

Nege.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына хабарласқан.

Әкімдіктің баспасөз қызметі "ондай ресми ақпарат жоқ екенін" айтып, Дене шынықтыру және спорт басқармасына хабарласуымызды сұрады. Ал басқармадағылар әкімдікке қайта сілтеді.

Әзірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: