Жаңалықтар тізбегі
0

Үй иелеріне тұрғылықты тіркеу жасалғанда SMS келеді

egov.kz egov.kz
Тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.

Қазақстандықтар маған үйлерінде бейтаныс адамдардың тіркелгені туралы жиі жазып жатады. Аталған жаңа сервис бұл мәселені шешуі тиіс. Егер біреу сіздің қатысуыңызсыз ХҚО арқылы үйіңізге бөгде адамды тіркеуге тырысса, сіз бұл туралы SMS-хабарлама арқылы бірден біле аласыз. Сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі, – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы азаматтарға тұрғылықты тіркеу қызметін 2019 жылдан бері көрсетіп келеді. Бұған дейін онымен ХҚО-да орналасқан көші-қон қызметінің мамандары айналысқан болатын.

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: