Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында сода шығаратын зауыт салынады

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 19:46 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Нысан құрылысына 400 миллион АҚШ доллары инвестицияланған, жоба 2024 жылы пайдалануға беріледі.

Жамбыл облысы Сарысу ауданында кальцийленген сода шығаратын зауыттың құрылысы басталды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және "Yildirim Group" компаниясының президенті Юксель Йылдырымның қатысуымен ірі жобаның іргетасына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Юксель Йылдырымның айтуынша құрылысы басталған "Qazaq Soda" ЖШС-нің кальцийленген сода өндіретін зауытының жылдық жобалық қуаты 500 мың тоннаны құрайды, болашақта 1,2 миллион тоннаға дейін артады.

Нысан құрылысына 400 миллион АҚШ доллары инвестицияланған, жоба 2024 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Құрылыс кезінде 1000 адам, іске қосылғаннан кейін 1300 адам жұмыспен қамтылады.

Бұл Қазақстанның өзін ғана емес, бірқатар көршілес мемлекеттерді кальцийленген содамен қамтамасыз ететін заманауи зауыт болмақ.

Серіктестер бұл іске кальцийленген сода өндірісінде қолданылатын жаңа технологияларды тартуға ниетті. Сонымен қатар, заманауи өндіріс толығымен қалдықсыз жүйеде жұмыс жасайды, қалдықтар қайта өңделетін болады.

– Бұл зауыт бауырлас ел экономикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді, негізінен 98-99 пайызы жергілікті тұрғындар болмақ. Энергия, су, шикізаттардың барлығы жергілікті жерден алынады. Жоба Орта Азиядағы ең ірі химия өндіріс орталығы болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылатын жоба үшін алғысымызды білдіреміз, -деді Ю. Йылдырым.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев дүниежүзіне белгілі "Yildirim Holding" компаниясының басшылығына алғысын айтып, кальцийленген сода өндіру жобасы аймаққа басқа да инвестиция тартуға мол мүмкіндік беретініне тоқталды.

Сарысу ауданы алқабилер алқасының төрағасы Серік Ақбасов ақсақал да өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.

Бұл елімізге келіп жатқан үлкен инвестицияның бірі. Ең бастысы жастарымыз үшін көптеген жұмыс орындары ашылмақ. Бұл жобаның Сарысу ауданы экономикасының дамуы үшін де маңызы зор болмақ. Сондықтан Мемлекет басшысына, Үкіметке тұрғындар атынан рахмет айтамыз. Бүгін іргетасы қаланып жатқан зауыт жұмысының алдағы уақытта жандануына тілекшіміз, - деді қария.

Жол картасы бизнесті дамыту бағдарламасы арқылы 479,2 миилион теңге бөлініп, зауытқа электр күшін тарту жұмыстары басталды. Сонымен қатар, зауыт құрылысы жүретін нысанға теміржол және су тарту үшін тиісті құжаттар дайындалуда.

Ішкі нарықтағы сұраныс қанағаттандырылғаннан кейін екінші кезеңде зауыттың жобалық қуаттылығын жылына 1,2 миллион тонна содаға жеткізіп, қосымша 11 түрлі өнім шығарылып, шетелдерге экспорттау көзделіп отыр.

Мамандардың бағалауынша, бұл зауыт еліміздің импорттық тәуелділіктен құтыла отырып, қазақстандық кальцийленген соданы Ресей мен бірқатар Орталық Азия елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: