Жаңалықтар тізбегі
0

Тәліптер төрт адамның денесін алаңға іліп қойды

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 14:53 Reuters
Өзгелерге сабақ болсын деп.

Ауғанстанның солтүстік батысындағы Герат қаласында тәліптер алаңға төрт адамның денесін іліп қойды. Бұл туралы жергілікті БАҚ және куәгерлер хабарлады.

Жергілікті екі тілшінің сөзіне сүйенген британдық BBC агенттігі адам ұрлауға қатысы бар деп айыпталған төрт адамның денесі қаланың түрлі бөлігіне ілініп қойғанын жазды. Қаладағы негізгі алаң маңында орналасқан дәріхананың иесі Ахмад Седдики Associated Press агенттігіне әуелі төрт мәйіттің алаңға әкелінгенін, кейін үшеуі қаладағы өзге алаңдарға әкетілгенін айтты.

Провинция губернаторының орынбасары Ахмад Омардың айтуынша, бұл адамдар "Талибан" содырларымен қақтығыс кезінде адам ұрлағаннан кейін атып өлтірілген.

"Өзгелерге сабақ болсын деп қаладағы алаңдарға денелері ілінді" деді Омар DPA агенттігіне.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Герат алаңында шынжырға оралған қансыраған ер адамның денесі көтергіш кранда асылып тұрғаны байқалады. Кейбір адамдар оларды ұялы телефондарына түсіріп жатты.

Тәліптер тағайындаған полиция басшысы Зиаулхақ Жалалидің сөзіне қарағанда, тәліптер атыс кезінде адам ұрлауға тырысқан төрт адамнан әкелі-балалы екі адамды арашалап қалған.

"Талибан" қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Нұриддин Тураби молда осы аптада Associated Press агенттігіне тәліптер дарға асу мен қолды шабу сияқты жазалау түрлерін қайтадан қолға алатынын, бірақ оны жария түрде жасамайтынын айтқан.

Ауғанстанды 1996 және 2001 жылдары басқарып тұрған шақта "Талибан" дүре соғу, тас атып өлтіру, қол-аяқты шабу сияқты қатаң жаза түрлерін қолданған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: