Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан билігі Google-ге "кибербуллинг" үшін әлі бір шағым да түсірмеді

yvision.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 15:40 yvision.kz
Есесіне Елбасының абыройына нұқсан келтіретін 18 ақпараттың көзі құртылды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Factcheck.kz жариялымында көрсетілген ақпарат толық емес дейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау шеңберінде Министрлік тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде Интернет желісінің өнімдеріне мониторинг жүргізеді.

2020 жылдың II жартыжылдығында жүргізілген мониторинг барысында Google әлеуметтік желісінде 13838 құқық бұзушылық фактісі анықталды, атап айтқанда Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтамаудың төмендегідей негізгі түрлері бойынша 105 ескерту хаттары жолданды:

- терроризм мен экстремизмді насихаттау бойынша – 13 643 факті тіркеліп, 37 хат жолданды;

- БАҚ-ты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалану бойынша - 94 құқық бұзушылық тіркелеп, 4 хат жолданды;

- этносаралық алауаздық тудыратын ақпаратты тарату бойынша - 40 факті тіркеліп, 17 хат жолданды;

- нақты жалған ақпарат тарату бойынша – 21 құқық бұзушылық тіркеліп, 17 хат жолданды;

- Елбасы және ҚР Президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты тарату бойынша – 18 факті тіркеліп, 18 хат жолданды;

- бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы ҚР заңнамасын бұзатын ақпаратты тарату бойынша - 6 құқық бұзушылық тіркеліп 4 хат жолданды;

- азаматтардың дербес деректерін заңсыз тарату бойынша - 3 құқық бұзушылық тіркеліп, 3 хат жолданды;

- зұлымдық пен зорлық-зомбылықты насихаттау бойынша — 2 факті тіркеліп, 1 хат жолданды;

- баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру, жеке немесе биометриялық деректерді, кәмелетке толмаған адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін басқа ақпаратты тарату бойынша – 3 факті тіркеліп, 2 хат жолданды.

Қолданыстағы заңнамада "кибербуллинг" ұғымы әлі көзделмеген, осыған орай кибербуллинг құқық бұзушылық фактілері бойынша заңнамалық шектеулер жоқ.

Осыған байланысты, министрліктің статистикалық мәліметтерінде "кибербуллинг" фактілері бойынша құқық бұзушылықтар жоқ.

Сонымен қатар, Google-дің 2020 жылдың екінші жартыжылдығы туралы есебінде ұсынылған статистикалық мәліметтер қандай принцип бойынша есептелетін және материалдарды қарау әдістемесі қалай жүргізілетіні белгісіз.

"Қызметтер мен деректердің қол жетімділігі туралы есепті" 2011 жылдан бастап көруге болады, жою сұрауларында айтылған мазмұн элементтерінің жалпы саны 192 503 құрайды. Тиісінше, 2020 жылдың екінші жартыжылдығында 49 мөлшерінде ұсынылған статистика толығымен дұрыс емес болып табылады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Министрлік есепте ұсынылған мәліметтерлі толықтай дұрыс деп есептемейді және уәкілетті органның интернет-ресурспен өзара хат алмасуының тұтас бейнесін көрсететінін мәлімдейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: