Ақтауда ер адамнан 300 мың теңге талап еткен күдікті ұсталды

Ақтауда ер адамнан 300 мың теңге талап еткен күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2026 13:09 Сурет: Маңғыстау облысы полиция департаменті
Ақтауда жәбірленушіні абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді тарататынын айтып қорқытып, ақша талап еткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, Маңғыстау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау фактісінің жолын кесті.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті Ақтау тұрғынын қорқытып, күш қолданып, оның абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті талап етілген ақшаның бір бөлігін алған кезде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ақша купюралары табылып, тәркіленді", – деді полиция қызметкерлері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: