Студентті қорқытып, одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен күдіктілер ұсталды
Сурет: видео скрині
19 ақпанда бейтаныс екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда олар дүкенге кіріп, жәбірленушіні ұрып-соғып, өздерімен бірге алып кетуге тырысқан.
Полицейлер күдікті 18 және 19 жастағы екі жігітті анықталып, ұстады. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
"Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript