ШҚО-да ер адамнан ай сайын 150 мың теңге талап етіп келген күдікті ұсталды

ШҚО-да ер адамнан ай сайын 150 мың теңге талап етіп келген күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2026 19:48 Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, биыл қаңтар айында күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан ай сайын 150 мың теңге талап ете бастаған. Ол өз талаптарын қорқытып, психологиялық қысым көрсету арқылы жүзеге асырған.


"Өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен ер адам қаскөйге 100 мың теңге берген. Алайда заңсыз әрекеттер тоқтамай, бір уақыт өткен соң күдікті қайтадан ақша талап еткен", – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: