Тоқаев пен Путин қатысатын форум онлайн-форматта өтеді
Ақорда
XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы 30 қыркүйекте Көкшетауда өтеді.
30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-те хабарлады.
Форум аясында мемлекеттер басшыларының онлайн-форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ. Форум биыл "Экология және "жасыл экономикалық" өсім салаларындағы ынтымақтастық" тақырыбы аясында өтеді. Іс-шара – екі мемлекеттің өңірлері арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастарын жандандыру үшін тиімді алаң. Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқаруға, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылуға, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға қатысты мәселелерді талқылайды, делінген ресми хабарламада.
Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қою жоспарланғаны да айтылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript