Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл Индустрияландыру картасы аясында 1,2 трлн теңгенің 128 жобасы іске қосылады

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 16:22 иллюстрация үшін алынды
Премьер-министр барлық өңірдің әкімдеріне әрбір жобаның іске асырылуын жеке бақылауда ұстауды және жыл соңына дейін олардың пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу барысы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады, делінген primeminister.kz сайтында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге және еңбек өнімділігін 30%-ға арттыру міндетін қойды. Бұл міндетті шешудегі негізгі элемент – Индустрияландыру картасының жобаларын уақытылы әрі сапалы іске асыру, — деді Мамин.

Биыл 1,2 трлн теңге сомасына Индустрияландыру картасының 128 жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1 трлн теңгеге, экспорт көлемін $800 млн-ға арттыруға, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, металлургия, машина жасау, энергетика және жеңіл өнеркәсіп сияқты салаларда шамамен 12 мың жұмыс орнын құруға жол ашады.

Индустрияландыру картасының биылғы ең маңызды жобалары — Жәйрем ТКБК жаңғырту және байыту фабрикасын салу (пайдалануға берілді, 145 млрд теңге, 381 жұмыс орны), Ақтоғай ТКБК қайта өңдеу қуатын кеңейту (396 млрд теңге, 700 жұмыс орны), Сарыарқа ферроқорытпа зауытының құрылысы (35 млрд теңге, 400 жұмыс орны), Петропавлда трансформаторлар өндірісінің ашылуы (пайдалануға берілді, 10 млрд теңге, 300 жұмыс орны), Шымкент қаласында алюминий банкалар өндірісі (23,4 млрд теңге, 145 жұмыс орны), Қостанай облысында ауыл шаруашылығы техникасы мен автокомпоненттер өндірісі бойынша локализациялық орталық (іске қосылды, 12,6 млрд теңге, 450 жұмыс орны).

Жобаларды іске қосу бойынша оң динамика Қарағанды, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында байқалады. Мысалы, аталған өңірлерде автобустар мен арнайы техника, полиэтилен құбырлары, тігін, медицина, резеңке және пластик бұйымдары, алкогольсіз сусындар, бутил эфирі мен полипропилен метил-трет өндірісі, Шелек дәлізіндегі ЖЭС II кезегі, байыту фабрикасын салу және т. б. жобалар енгізілді.

Премьер-министр барлық өңірдің әкімдеріне әрбір жобаның іске асырылуын жеке бақылауда ұстауды және жыл соңына дейін олардың пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне экспорттық әлеует, жергіліктендірудің жоғары деңгейі, импортты алмастыру, шикізаттың қолжетімділігі сияқты жобаларды іріктеу критерийлеріне басымдық бере отырып, инвесторлармен жұмысты күшейту тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: