Павлодар мұнай-химия зауыты 1 қазанда жөндеуге жабылады

kmg.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 22:15 kmg.kz
Зауыттың қалыпты жұмысы қазан айының соңына жоспарланып отыр.

Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары кезінде ішкі нарықты әуе отынымен Атырау және Шымкент МӨЗ-дері қамтамасыз етеді, деп хабарлайды zakon.kz "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтаған кезінде Қазақстанның әуе отыны өндірісі басқа мұнай өңдеу зауыттары есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Қазан айында Атырау және Шымкент МӨЗ-дері жиыны шамамен 35 мың тонна әуе отынын шығарады. Жинақталған көлемдерді есепке алғанда, бұл ішкі нарықтың әуе отынына деген сұранысын толығымен өтейді.

Еске сала кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары қазанның 1-і күні басталады. Зауыттың қалыпты жұмысы қазан айының соңына жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: