Жаңалықтар тізбегі
0

Заң консультанттары палаталарының заң бұзғаны анықталды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2021 19:06 primeminister.kz
Заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында Жоғарғы Соттың атына тиісті ақпарат жолданды.

Әділет органдары халыққа құқықтық көмек көрсету саласындағы заңдылықты сақтау бойынша жүйелі негізде талдау жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, 2021 жылғы 09 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қолданыстағы заңнама нормаларын өрескел бұзғаны үшін Әділет министрлігінің "Қазақстанның кәсіби заңгерлері" заң консультанттары палатасын заң консультанттары палаталарының тізілімінен шығару туралы талап арызын қанағаттандырды (сот шешімі заңды күшіне енбеді).

Сот азамат С. өтелмеген және алынбаған соттылығы бар екендігін және Палата мүшесі болмай, бірінші және екінші сатыдағы соттарда 34 азаматтық іс бойынша жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін палата ұсынған тізілімнен үзінді көшірме негізінде заң консультанты ретінде заңсыз қатысқанын анықтады.

Сондай-ақ, сот жоғары заңгерлік білім алғанын растайтын құжатсыз палата мүшелігіне заңсыз қабылданғанын анықтады.

Сонымен қатар, 2019 жылы Түркістан облысының Әділет департаменті Түркістан облыстық сотының атына Арыс қаласының заң консультанттары палатасының мүшелеріне сотқа тапсырма бойынша өкіл ретінде жібермеу туралы хат жолдады.

Бұл ретте Түркістан облысы Қазығұрт аудандық соты тізілімге енгізілмегендіктен, 2021 жылы палата мүшелерінің сотқа заңсыз қатысу фактісі анықталған.

Сонымен қатар, Әділет министрлігі Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде тіркелген заң консультанттары палаталарының қызметіне талдау жасап, тізілімде тіркелмеген 27 палатаны анықтады.

Заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында Жоғарғы Соттың атына тиісті ақпарат жолданды.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің ықтимал бұзылуын болдырмау үшін Министрліктің сайтында жоспарланатын немесе құқықтық көмек көрсету туралы шарт жасалған не жоспарланатын тұлғаларды тексеру қажеттілігі мен мүмкіндігіне назар аударамыз.

Осындай бұзушылықтар анықталған жағдайда Әділет министрлігіне немесе аумақтық әділет департаменттеріне жүгініге кеңес береміз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: