Таразда жылу тарифі төмендетілді

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2021 19:12 Павел Михеев / zakon.kz
"Таразтрансэнерго" МКК-ның негізсіз табыс сомасы 45 186 810 теңгені құрады.

"Таразтрансэнерго" МКК-ның 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2020 жылы "Таразтрансэнерго" МКК-ның негізсіз табыс сомасы 45 186 810 теңгені құрады.

Осыған байланысты, Департаменттің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі бұйрығымен "Таразтрансэнерго" МКК-не жылу энергиясын беру қызметіне бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф бекітілді, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап 2022 жылдың 1 қарашасына дейін 1 696,14 теңге/1 Гкал мөлшерінде қолданылады, мұнда төмендеу 5,09 % - ды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: