Қызылордада жылу тарифі төмендетілді

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 18:24 Павел Михеев / zakon.kz
Төмендетулер барлық тұтынушылар топтары үшін де жүргізіледі.

"Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК-ның 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметалардың орындау талабының сақталмағандығын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі "Қызылордажылуэлектроорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жылумен жабдықтау қызметі бойынша негізсіз алынған табысының жалпы сомасы 203 220 220 теңгені құрады.

Осылайша, Департамент "Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК-ның жылумен жабдықтау қызметіне 1 Гкалға ҚҚС-сыз енгізілу және қолдану мерзімі 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығына 4691,70 теңге мөлшерінде немесе орташа босату тарифінен 8,3 пайызға және 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 31 тамыз аралығына орташа босату тарифі 5603,69 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы орташа босату тарифпен салыстырғанда 7,0 пайызға төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Осындай төмендетулер барлық тұтынушылар топтары үшін де жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: