Жаңалықтар тізбегі
0

Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған суретші жол апатынан қайтыс болды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2021 16:48 Pixabay
SVT телеарнасының хабарлауынша, суретшінің көлігі жүк көлігімен соғысқан.

Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған суретші Ларс Вилкс пен оның күзетшілері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

SVT телеарнасының хабарлауынша, суретшінің көлігі жүк көлігімен соғысқан. Екі көлік те өртеніп, өртті сөндіру кезінде жол бірнеше сағат бойы жабық болған. Тек жүк көлігінің жүргізушісі аман қалып, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген екен.

Оқыс оқиғаның қалай болғанын әзірге айта алмаймыз. Тергеу нәтижесін күту керек, - деді полиция өкілі Рикард Лундквист.

2007 жылдың 18 тамызында Nerikes Allehanda басылымында Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы жарияланғаннан кейін Швеция БАҚ-тары Ларс Вилкс жайлы жаза бастады. Содан кейін суретшіні қорқытушылар көбейіп, Вилкске полицияның күзеті қойылды.

Кейін 2005 жылы басқа суретші Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын Данияның Jyllands-Posten басылымында жариялап, дау-дамай қайта туындады. Жарияланған карикатура мұсылман әлемінде наразылық толқынын тағы тудырған болатын.

Жайна Тәттімбетова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: