QazVac вакцинасына ҚМДБ-ның "Халал Даму" сертификаты берілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Халал Даму" ЖШС сертификатына ие коронавирус инфекциясына қарсы отандық вакцина - QazVac-тың сапасы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Өнім дәрілік заттар мен диеталық қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы Халал талаптарына сәйкес сертификатталды.
Бұрын хабарланғандай, QVDB Halal стандарты бойынша QazVac вакцинасын сертификаттау үшін ҚМДБ өкілдері, "Халал Даму" ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәли мен технолог, медицина маманы Айзат Сатаева арнайы институтқа келіп, OtarBioPharm биофармацевтикалық зауыты жағдайында QazVac вакцинасы өндірісінің технологиялық процесімен танысқан болатын.
QazVac вакцинасын насихаттауға және Халал Даму сертификатын алу үшін институт зертханаларының меңгерушілері белсенді ат салысты.