Жаңалықтар тізбегі
0

Facebook, Instagram-ның істен шығуы - қазақстандықтардың өз болжамы бар

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2021 19:31 pexels.com
Желі қолданушылары мұның бәрі Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб ұйымдастырған жаппай кибершабуыл-мыс деген пайымды жаппай бөліскен.

Кеше, 4 қазанда болған әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмысындағы олқылықтардың себептеріне қатысты бірқатар дақпырт тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Желі қолданушылары мұның бәрі Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб ұйымдастырған жаппай кибершабуыл-мыс деген пайымды жаппай бөліскен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2021 19:31

Айта кетсек, Facebook, Instagram, TikTok, Snapchat, Viber, What ‘ sApp және т.б. әлеуметтік медиа мен мессенджерлер кеше, 4 қазанда, Гринвич бойынша сағат 16.00-ден 22.00-ге дейін қолжетімсіз болды.
Желілердің жұмысы қалпына келтірілген соң Facebook тобы үндеу жариялап, оқиғаның себептерін атады.

"Инженерлік топтар біздің деректер орталықтары арасындағы желілік трафикті үйлестіретін негізгі маршрутизаторлардың конфигурациясының өзгеруі осы байланысты тоқтатқан мәселелерді тудырғанын анықтады. Бұл желілік трафиктің бұзылуы деректер орталықтарының байланыс тәсілдеріне каскадты әсер етті, нәтижесінде біздің қызметтеріміз тоқтатылды", – делінген мәтінде.

Алайда жұрт долбарлағандай бұл хабарламада кибершабуыл және хакерлер туралы айтылмаған.

Кейбір пайдаланушылардың бұл оқиғаға Клаус Шваб кінәлі деген пікірі Дүниежүзілік экономикалық форум ұйымдастырған және биыл жазда өткен Cyber Polygon іс-шарасының тақырыбына негізделген. Сценарий бойынша қатысушылар, Клаус Швабтың айтуынша, адамзат үшін келесі жаһандық қауіп болуы ықтимал жаппай кибершабуылға тойтарыс беруге тиіс болған. Алайда, іс-шараға қатысушылар күрескен ойдан шығарылған шабуылдың әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын тоқтатуға ешқандай қатысы жоқ. Cyber Polygon сценарийі бойынша хакерлер шабуылының нәтижесінде әлем бойынша әртүрлі тауарларды жеткізу тізбегі бұзылған. Демек, бүгінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмысындағы бұзушылық хакерлік шабуылдың нәтижесі болғанына ешқандай дәлел жоқ. Бұл оқиға Клаус Швабпен де, Cyber Polygon шарасымен де байланысты емес, - дейді stopfake.kz.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: