Жаңалықтар тізбегі
0

Жергілікті компанияларға қолдау көрсетіліп жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 01:05 zakon.kz
"Dala Fruit" Сбербанк көмегімен жеміс қоймаларын салып, ауыл шаруашылығы кластеріне қызмет көрсететін инфрақұрылым құра алды.

Пандемия кезінде Қазақстанның ғана емес, әлемдік экономика да зардап шекті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жергілікті бизнеске ауқымды және жедел қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарын сақтауға, экономиканы тұрақтандыруға және елдегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Осы орайда экономиканың нақты секторына белсенді түрде кредит бере бастаған екінші деңгейдегі банктердің бірі – "Сбербанк" АҚ ЕБ локдаун кезеңінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруын үзген жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Нәтижесінде отандық кәсіпкерлер өндіріс көлемін ұлғайтып, экспорттық әлеуетін арттыра алды. Солардың бірі – Түркістан облысында Қарасу ауылдық округінде орналасқан, өңірде қарқынды дамып келе жатқан "Dala Fruit" компаниясы.

Он жыл бұрын ой-шұңқыр болып жатқан жерді техникамен үш айдай тегістедік. Бетіне тыңайтқыштар сеуіп, бауды дайындадық. Бұл – аласа бойлы қарқынды бау. Италия, Түркия, Голландия, Германия және Польшаға өзіміз барып, алма көшеттерін таңдап алдық. Ең бірінші Италиядан жеткізілген вируссыз көшеттер отырғызылды. Бірнеше сорт алмамен қатар, қараөрік пен қызыл шие де ектік. Басқа да алма сорттарын жерсіндіру мақсатында отырғыздық, – деді "Dala Fruit" ЖШС Өндіріс жөніндегі директоры Сапарбек Ержігітов.

"Dala Fruit" компаниясы Сбербанк көмегімен жеміс қоймаларын салып, ауыл шаруашылығы кластеріне қызмет көрсететін инфрақұрылым құра алды. DAF, VOLVO, KRONE маркалы магистральдық автопоездардың 81 жиынтығы сатып алынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 01:05

2017 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бауды аралап, Қазақстанда да осындай бау егуге болатынын көріп, мемлекет қолдайтынын айтып, жобаны әрі қарай дамытуды тапсырған.

Екінші деңгейдегі банктер арасында "Қарапайым заттар экономикасы", "Бизнестің жол картасы-2020, 2025", "Нұрлы жер", БҰҰДБ сияқты кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылар арасындағы көшбасшылардың біріміз. Осы бағдарламалар шеңберінде 750 млрд теңгеден астам сомаға 8,5 мыңға жуық жоба мақұлданды, 65 млрд теңгеге "Дамудың" 6 мыңнан астам кепілдігі алынды, – деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма төрағасының орынбасары Александр Титов.

Осы жобаларды қаржыландыру арқылы "Dala Fruit" компаниясында Қазақстанда баламасы жоқ газды ортаны қадағалау арқылы 12 айға дейін жеміс-жидекті сақтауға мүмкіндік беретін жеміс сақтау қоймалары салынды. Қойманың ТМД аумағында өнімді жеткізе алатын арнайы автопаркі де бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 01:05

Компанияның жалпы өндірістік қуаты – жылына 8 000-10 000 тонна алма. Жергілікті жерлерде 500-ден астам адамға жұмыс орны ашылған

Бүгінгі таңда "Dala Fruit" Қазақстанды және Ресейдің аумағын алмамен, шырынның 13 түрімен қамтамасыз етіп отыр. Енді Орталық Азия мен Қытай нарығына шығуды, шырыннан бөлек алма езбесі мен қағын шығаруды жоспарлап отыр.

2021 жылы "Сбербанк" АҚ ЕБ Қазақстанның қаржы нарығындағы табысты жұмысының 15 жылдығын атап өтеді. Қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы барлық екінші деңгейдегі банктер арасында активтер көлемі бойынша 2-орында тұр. Банк бизнес пен халықты қаржыландыруға белсенді түрде қатысып келеді. Банктің стратегиясы сапалы өнімдер мен клиенттер үшін барынша тиімді шарттар жасауға бағытталған. Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысу бойынша екінші деңгейдегі банктер арасында көшбасшылардың бірі. Басты назар экономиканың шынайы шоғырына, яғни азық-түлік қалдықтарын қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, автомобиль өндірісі және т.б. аударылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 01:05

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: