Жаңалықтар тізбегі
0

Қайырымдылыққа мұқтаж балаларға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

 Samruk-Kazyna, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2022 18:58 Сурет: Samruk-Kazyna
Әлеуметтік осал топтардың ахуалы – мемлекеттің де, жеке сектордың да әркез назарында болып келеді. Әрине, бизнес те, түрлі мемлекеттік органдар да өз бетінше қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірақ осы ретте «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының дамудың жаңа белесіне көтерілу кезеңінде ұтымды бастамаларды көбірек ұйымдастыруға көшкенін де атап өткен жөн. Қор құрамындағы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2022 жылдың бірінші жартысында атқарылған істерді баяндап, алдағы жоспарымен таныстырды. Алдағы уақытта да қор және «Самұрық-Қазынаның» компаниялары тізе қосып еңбек етіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетпек.

«Қор өскелең ұрпаққа жағдай жасауға байланысты мәселелерге үнемі айрықша назар аударып келеді» дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева. Биыл қайырымдылық жобалар үшін 10 млрд теңге қарастырылған.

Мақұлданған жобалар арасында аутистік спектрдің аурулары мен ментальді бұзылыстары бар балаларға арналған 8 орталық құру, дамуы бұзылған және олардың туындау қаупі бар балаларға ерте диагностикалық және реабилитациялық көмек көрсету бойынша 13 ерте араласу орталығын құру бар. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласының мектептерін жиһаз және интерактивті панельдермен жабдықталып, Атырауда ерекше балаларға тегін көмек көрсету бастамасы қолға алынбақшы.

Альфия Адиева сондай-ақ, нәрестелердің шетінеуі мен мүгедектігін азайтып жатқан Қарағандыдағы «Басқарылатын гипотермия» инновациялық жобасын, Шымкент қаласында ұйымдастырылған нейро-ортопедиялық бұзушылықтары бар балаларды сауықтыратын орталықты сәтті жобалар қатарына жатқызады. «Балаларға өмір сыйла», «Аутизмді жеңеміз!», «Жетім балаларсыз Қазақстан» жобалары да жалғасын таппақ. Аға буын өкілдеріне қамқорлық танытуда «Тағылым» және Жеңіс» жобалары жүргізіледі дейді. Бұдан басқа, қор мемлекеттік тілдің көкжегін кеңейтуде «Soyle» жобасын қолдауды жөн деп тапқан.  

Бүгінде өзгерістер тұрғысында «Samruk-Kazyna Trust» қоры қызмет бағыттарын оңтайландырып, жобаларды қаржыландыру жайын бекітетін Қамқоршылық кеңес құрамын кеңейтті. Сонымен бірге, Қор сайты жаңарып, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесіне есеп беру жолға қойылды.

2023 жылдан бастап қайырымдылық жобаларын іске асыру кезінде олардың 30%-ында елдік жобаларға көңіл бөлінсе, ал 70%-ында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары бар өңірлердегі жергілікті жобалар мен әлеуметтік инвестициялар бағдарламаларына басымдық беріледі. Жобаларға байланысты Қордың өзі бастама көтере алғаннан тыс, жергілікті үкіметтік емес ұйымдар да оған өтініммен шыға алады.

Қайырымдылық жобалар бастамасын тек қордың өзі ғана ұсынбайды, үкіметтік емес ұйымдар өтініші де қабылданады. Ол үшін +7 (7172) 57-68-98 жедел желі нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Наурыз айынан бастап қазірге дейін 400-ден астам қоңырау қабылданған.

Samruk-Kazyna, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2022 18:58

Сурет: Samruk-Kazyna

«Портфелді компаниялар орналасқан өңірлерді және сол өңірлердегі ауылдарды дамытуға бел буып отырмыз. Ол үшін бізге үкіметтік емес ұйымдардың тың идеялары аса қажет. Жалпы, біздің мақсатымыз – барша ел аумағында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту», – деп мәлімдеді қор басшысы.

Сонымен бірге, ол қор бюджеті қандай екенін, қаражаттың негізінен қай салаға бөлінетінін де атап өтті.

«Ашықтықты толыққанды қамтамасыз ету мақсатында қазір сайтымыз жаңартылып жатыр. Жаңарғаннан кейін қор қандай жобаларды қолдады, ол жобаларды кімдер жүзеге асырды және оған қанша қаражат бөлінді деген сауалдардың жауабы толық жария етіліп отырады. Қордың биылға арналған бюджеті 10 млрд теңгені құрайды. Биыл жарты жылдықта 13 жобаны қолдап үлгердік. Оның құны 3 млрд 886 млн теңге болды. Білім беру бойынша – 3, әлеуметтік осал топтарды қолдау бойынша – 4, денсаулық сақтау бойынша – 5 және спорт саласы бойынша 1 жобаға қолдау таныттық», – деп түсіндірді.

Қор басшысының айтуынша, қор жеке адамдарға қолдау көрсетпейді.

«Бұрын жекелеген адамдарды қолдау бастамасы біздің құзырымызда бар еді. Бірақ мұндай бағытпен елдегі әлеуметтік мәселені шеше алмаймыз. Біз зерделеу жұмыстарын жүргізе келіп, жеке адамды емес, жалпы өңірлік ахуалды ретке келтірудің пайдасы мол екеніне көз жеткіздік. Мысалы, 100 адам оңалту шарасына қаражат сұрап келетін болса, сол сұрау салған азаматтардың өңірлерінде оңалту орталықтарын ашып, тек 100 адамды емес, одан да көп халық санын қамтитын ауқымды жобаларды жүзеге асырамыз деп шештік. Сонымен қатар биыл кәсіби спортқа да қолдау көрсетпейміз деп шешім қабылдадық. Егер спорт жобасы балаға қатысты болса демеушілік жасай аламыз», – дейді Альфия Адиева.

Samruk-Kazyna, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2022 18:58

Сурет: Samruk-Kazyna

Еске салып өтейік, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық саласының бірыңғай операторы қызметін орындайды. Қордың басым бағыттары санатында – әлеуметтік және медициналық сектор аясында көмек көрсету, мәдени қоғамдастықты және адами әлеуетті дамыту, еңбек қатынастарын нығайту және қоғамның тұрақты дамуына инвестициялар бағдарламаларын іске асыру бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: