ШҚО колониясында тұшпара шығаратын цех ашылды
Шығыс Қазақстанның әйелдер колониясында тұшпара цехы ашылды, қазір сот талап арызы бойынша қарызы бар сотталған әйелдер тұшпара цехына жұмысқа орналастырылып, қарыздарын төлеуге мүмкіндік алды, дейді ШҚО ҚАЖ Департаменті.
Сонымен қатар, босатылғаннан кейін алған дағдылары оларға әлеуметтену үшін пайдалы болады.
Әйелдер колониясының цехында шығарылатын жартылай фабрикаттар Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шуақ, Жаңғызтөбе және Қалбатау ауылдарының тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде цехта: тұшпара, манты, фаршталған бұрыш және кішкене самсалар әзірленіп шығарылады.
ОВ 156/21 мекемесінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, себебі болашақта алған мамандығы оларға шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерін қарау кезінде көмектеседі. Сондықтан да мекеме сотталғандардың жұмысқа орналасуын барынша арттыру үшін бірқатар шаралар жүргізеді. Шығыс Қазақстан облысының барлық колонияларында жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
- Біздің мекемеде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, жұмыс істеу арқылы сотталғандар өз қарыздарынан құтылып, жазаларын өтеп жатыр. Әрине, біз, ең алдымен, сот үкімімен орындау және өндіріп алу туралы бұйрықтары бар талаптары бар адамдарға жұмыс орындарын табамыз. Болашақта жұмысқа орналасу мен талаптарды өтеу оларға шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштердің сотта қаралуы кезінде көмектеседі, деді - ШҚО бойынша ҚАЖД департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Мақсат Сейтахметов.
- Бастау өте оңай. Ол үшін санитарлық қызметтің барлық талаптарына сай келетін бөлмені тауып, қажетті құрал - жабдықтарды сатып алу қажет, - дейді жас жеке кәсіпкер Берік Әбдікәрімов.
- Біз өз өнімдерімізбен облыстың жақын аудандарына ұсынып отырмыз. Өнімдеріміз жақсы өтіп жатыр. Алдағы уақытта ел нарығына шығуды жоспарлап отырмын. Цехта бүгінде 10 - нан астам сотталған әйелдер жұмысқа қабылданды деп бөлісті , - жас кәсіпкер.
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысының колонияларында жыл басынан бері 350-ден астам жұмыс орны ашылды.