Үй жануарларын қашанға дейін чиптеп үлгеру қажеттігі айтылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2021 23:23 zakon.kz
Алдында вице-министр Қазақстанда үй жануарларын чиптеу міндеттелетінін айтқан болатын. Егер үй иелері жануарларын тіркетпесе, 10 АЕК (29 170 теңге) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді.

Қазақстандықтар 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін үй жануарларын тіркеуге қойып үлгеруі тиіс, деп мәлімдеді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Заң жобасының принциптерінің бірі - біздің қарауымыздағылар үшін жеке жауапкершілік екенін ескерсек, оларды бағып-қағуға кететін барлық шығындар меншік иелерінің есебінен болады. Қожайынның бюджетіне түсетін ауыртпалықты ескере отырып, 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін бекітілген норма енгізілді, - деп түсіндірді ол Мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын таныстыру кезінде.

Алдында вице-министр Қазақстанда үй жануарларын чиптеу міндеттелетінін айтқан болатын. Егер үй иелері жануарларын тіркетпесе, 10 АЕК (29 170 теңге) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді. Егер заң бұзушылық қайталанса, айыппұл көлемі жоғарылайды.

Сондай-ақ елімізде үй жануары тізіміне енетіндердің барлығының етін жеуге заңмен тыйым салынады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: