Германия Талибанмен келіссөздер жүргізді
pixabay
Терроризм қауіпі туралы.
Германия делегациясы "Талибан" радикалды исламистік қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) жоғары лауазымды өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
ГФР СІМ өкілінің айтуынша, Дохадағы кездесуде Германия жауапкершілігіндегі тұлғалардың Ауғанстаннан қауіпсіз және кедергісіз шығу мүмкіндігі туралы сөз болған.
Сонымен қатар, тараптар адам құқықтарын, әсіресе әйелдер құқығын сақтау мәселелерін, сондай-ақ қауіпсіздік және террористік қауіп тақырыптарын талқылады. Германия тарапы тәліптерді сөзімен емес, іс-әрекеттерімен бағалайтынын айтты, деп атап өтті сыртқы саясат ведомствосы.
2013 жылдан бастап Катарда "Талибан" саяси кеңсесі орналасқан.
6 қыркүйекте Талибан бүкіл Ауған территориясына бақылау орнатқанын мәлімдеген, ал 7 қыркүйекте уақытша үкіметтің құрамын жариялады, оған тек радикалды қозғалыстың мүшелері кірді.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript