Көк мәртебелі адамдар демалыс күндері сауда орындарына бара ала ма?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 22:55 zakon.kz
Бүгінде министрлік қосымшаны интеграциялап жатыр.

"Көк" мәртебесі бар адамдар демалыс күндері қоғамдық орындарға қандай жағдайда бара алатынын бүгін ОКҚ брифингінде елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Көк" мәртебесі бар адамдар демалыс күндері қоғамдық орындарға бара алады. Бірақ бұл үшін олар өзімен бірге учаскелік дәрігердің коронавирусқа қарсы вакциналауға болмайтыны туралы анықтамасын алып жүруі керек. Осы анықтаманы ұсынған кезде "көк" мәртебесі бар осы категоряға жататын адамдар демалыс күндері қандай да бір объектіге баруға толық құқылы, - деп түсіндірді ол.

Ол сондай-ақ болашақта анықтаманы алып жүру қажеттілігі болмайтынын айтты.

Бүгінде министрлік қосымшаны интеграциялап жатыр. Барлық техникалық жұмыстардан кейін "көк" мәртебесі бар қазақстандық медициналық анықтамасы болған жағдайда "жасыл" мәртебеге ие болады, - деп түйіндеді спикер.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: