Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Түрікменстанға барады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 23:33 Ақорда
Бұл туралы АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алтыншы отырысына қатысу үшін елімізге келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдау кезінде айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алтыншы отырысына қатысу үшін елімізге келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 23:33

Мемлекет басшысы Түрікменстан өткізген Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші Консультативтік кездесуінде ынтымақтастықты одан әрі күшейту әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатымен өзекті мәселелер талқыланғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев түрікменстандық дипломатқа АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алтыншы отырысына қатысып, Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынасының саяси, сауда-экономикалық салалары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Түрікменстанда өтетін VI Каспий саммитіне дайындық барысы қарастырылды.

Рашид Мередов Қазақстан Президентіне қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруын табыс етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев шақыртуды қабыл алатынын айтып, қазақ-түрікмен ынтымақтастығына барлық сала бойынша тың серпін беру мақсатында жуық арада Ашхабадқа сапармен баратынын жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: