Моңғолдар Улан-Батордан Алматыға тікелей рейс ашуды ұсынды

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 23:57 Алматы қаласының әкімдігі
Улан-Батордан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет.

Моңғол авиакомпаниясы Улан-Батордан Алматыға тікелей рейс ашуды ұсынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Hunnu Air авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесуде тікелей рейсті ашу перспективаларын талқылады.

Улан-Батордан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет. Сондай-ақ біздің әуежай Моңғолиядан Үндістанға және басқа елдерге ұшу үшін транзит ретінде тартымды.

Кездесу қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев моңғолдық әуе компаниясының мүддесі мен дайындығын қолдауға ниет білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: