Жаңалықтар тізбегі
0

Криштиану Роналду әлемдік рекордты жаңартты

instagram.com / cristiano, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2021 17:27 instagram.com / cristiano
Германиядан кейін Дания құрамасы әлемнің басты футбол турниріне жолдама алды.

12 қазанда еуропалық командалар арасында 2022 жылғы әлем чемпионаты аясында іріктеу ойындары өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Германиядан кейін Дания құрамасы әлемнің басты футбол турниріне жолдама алды. Даниялықтар сегізінші турда Австрияны жеңді (1:0) және Катарға жолдаманы уақытынан бұрын иеленді. Скандинавтар топтық раундта керемет нәтиже көрсетті, барлық сегіз ойында жеңіп, 27 гол соғып, өз қақпасына бір де бір гол жібермеді.

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өз жанкүйерлерін одан әрі қуантты, ол Люксембургпен (5:0) болған матчта хет-трик жасады. Ол 10-шы рет Португалия құрамасы сапында бір ойында үш гол соқты. Сонымен қатар, Роналду Португалия құрамасының 113, 114 және 115-ші голдарын соғып, әлемдік рекордты жаңартты.

Сонымен қатар, Криштиану енді Әлем чемпионатындағы іріктеу матчтарындағы 36 голымен Иран құрамасының футболшысы Әли Даеямен екінші орынды бөлісуде. Өйткені Гватемаланың бір ойыншысы іріктеу кезеңінде 39 доп соққан.

12 қазандағы ойындар нәтижесі:

Украина - Босния және Герцеговина 1:1;
Англия - Венгрия 1:1;
Болгария - Солтүстік Ирландия 2:1;
Швеция - Грекия 2:0;
Израиль - Молдова 2:1;
Литва - Швейцария 0:4;
Сербия - Әзірбайжан 3:1;
Фарер аралдары - Шотландия 0:1;
Сан-Марино - Андорра 0:3;
Косово - Грузия 1:2.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: