Футзалдан Қазақстан кубогіне талас қызу жүріп жатыр
Астанада футзалдан тоғыз отандық команданың қатысуымен ел кубогының ойындары жалғасуда, деп хабарлайды zakon.kz.
Кезекті ойын күнінен кейін көкшетаулық "Оқжетпес" қана плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Қалған 8 ұжым жартылай финалға жолдама ала алады.
Қазіргі уақытта екі топта да жағдай шиеленіскен.
"Қайрат" "Аятпен" тең түскеннен кейін, 13 қазанда турнирдің аутсайдері "Оқжетпесті" 4:1 есебімен жеңді. Ол "Рахмет"командасымен бірге 7 ұпаймен "А" тобында озып тұр. Олардан кейін "Атырау" мен "Аят" командалары, екеуінің қанжығасында да 4 ұпайдан бар.
Қызықтың көкесі "В" тобында, онда барлық 4 команданың қанжығасында үш ұпай бар. Жартылай финалдың екі жолдамасы үшін "Бәйтерек", "Каспий", "Нұр-Сұлтан" және "Ақтөбе" командалары таласады.
Бақытжан Отарбаева