Билеті 500 теңге. Медеу мен Шымбұлақта электроавтобус жүре бастады
Алматыда 14 қазаннан бастап "Медеу-Шымбұлақ" бағытында екі электр шағын автобусы қатынай бастайды, деп хабарлап қойды "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметі
13 орындық SAIC MAXUS EV90 экологиялық көлігінің бір реттік қуаты 260 – 280 км дейін жүруге жетеді.
Алматы қаласында "ELECTRO TAXI" пилоттық жобасының екінші кезеңін іске асыру аясында электр шағын автобустарды "ЭҚС Операторы" сатып алып отыр. Экологиялық көлік сынақтан өтті. Көлік барлық техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келеді. Қоршаған ортаға еш зиян келтірмейді.
Электр шағын автобуспен жол жүру құны 500 теңге. Зейнеткерлер мен жеңілдік санаттары бар азаматтар үшін жолақысы 250 теңге. Ал 7 жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жол жүру тегін.
Жолақы төлемін Kaspi қосымшасы арқылы ("Такси" бөлімінде), қолма қол ақшалай төлемді "Медеу" ЖСК және "Шымбұлақ" КТ орналасқан төлем терминалы арқылы жүргізуге болады.
Осылайша "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты аймағында JAC iEv7S маркалы сегіз электромобиль және SAIC MAXUS EV90 екі электрмикробусы қатынап отыр. Бұл әрине жобаны іске асырудың осы кезеңдегі нәтижесі.
ELECTRO TAXI пилоттық жобасын жүзеге асыру Алматы қаласында экологиялық таза көлік құралдарын (электромобильдерді) пайдаланудың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ "Медеу" мен "Шымбұлақ" нысандарының көпшілікке көрсетер үлгісі болмақ.